Іздестіру формасы

Ереже

Дата размещения: 26.08.2017 - 3:08
Дата последнего обновления: 24.10.2018 - 12:02

              

 

Қазақстан Республикасы

Қоғамдық даму министрлігі

жауапты хатшысының

2018 жылғы «___» ________

№ _________бұйрығымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасы

Қоғамдық даму министрлігінің

Қоғамдық келісім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің

ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі - Қоғамдық келісім комитеті) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің діни қызмет, қайырымдылық, конфессияаралық және этносаралық келісім салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
  2. Қоғамдық келісім комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Қоғамдық келісім комитеті республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Қоғамдық келісім комитеті өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. Қоғамдық келісім комитеті, егер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Қоғамдық келісім комитеті өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамдық келісім комитеті төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Қоғамдық келісім комитеті құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Қоғамдық келісім комитетінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
  9. Қоғамдық келісім комитетінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Қоғамдық келісім комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Қоғамдық келісім комитеті қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Қоғамдық келісім комитеті кәсіпкерлік субъектілерімен Қоғамдық келісім комитетінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Қоғамдық келісім комитетіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Қоғамдық келісім комитетінің негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Міндеттері:

  1. діни қызмет, қайырымдылық, конфессияаралық және этносаралық келісім салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; 
  2. Қоғамдық келісім комитетіне жүктелген өзге де міндеттер.

14. Функциялары:

  1. Қоғамдық келісім комитеті реттейтін салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
  2. Қоғамдық келісім комитеті реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
  3. Қоғамдық келісім комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  4. Қоғамдық келісім комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  5. діни мәселелер бойынша республикалық және жергілікті ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;
  6. Қоғамдық келісім комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  7. Қоғамдық келісім комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды  ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  8. заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;
  9. Қоғамдық келісім комитеті реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
  10. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
  11. республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
  12. мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
  13. ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
  14. Қоғамдық келісім комитетінің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік гранттарды беру үшін үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы операторға қаражат беруді жүзеге асыру;
  15. мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды оператор арқылы гранттарды ұсыну бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын және нәтижелерін бағалауды интернет-ресурстарға орналастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  16. діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
  17. Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен Қоғамдық келісім комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  18. діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттар мен қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
  19. республикада ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
  20. республикадағы діни қызметті, этносаралық және конфессияаралық келісімді зерделеуді және талдауды жүргізу;
  21. діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
  22. Қазақстан Республикасы аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу және талдау жүргізу;
  23. республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіру;
  24. дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;
  25. дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
  26. дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды тағайындау бойынша комиссиясы туралы ережені және комиссияның құрамын бекіту;
  27. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  28. жастар ұйымдарымен конфессияаралық және этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  29. жастар арасында конфессияаралық және этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
  30. діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
  31. диаспоралармен жұмысты үйлестіруді және шетелдерде тұрып жатқан отандастарымыздың ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  32. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
  33. өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру;
  34. деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен Қоғамдық келісім комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  35. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
  36. қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
  37. қайырымдылық саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
  38. Қоғамдық келісім комитетімен өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
  39. Қоғамдық келісім комитетінің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидасының сақталуын қамтамасыз ету;
  40. Қоғамдық келісім комитеті реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
  41. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында шығарылатын қажетті діни әдебиет дайындау жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  42. діни қызмет, қайырымдылық, конфессияаралық және этносаралық келісім мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  43. Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

15. Құқықтары мен міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау
  2. Қоғамдық келісім комитеті құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  3. Қоғамдық келісім комитеті жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;
  4. мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
  5. Қоғамдық келісім комитетіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
  7. Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Қоғамдық келісім комитеті қызметін ұйымдастыру

16. Қоғамдық келісім комитетіне басшылықты Қоғамдық келісім комитетіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

17. Қоғамдық келісім комитеті төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Қоғамдық келісім комитеті төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

19. Қоғамдық келісім комитеті төрағасының өкілеттігі:

  1. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысына Қоғамдық келісім комитетінің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
  2. өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Қоғамдық келісім комитетінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;
  3. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте Қоғамдық келісім комитеті қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады (Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасарларын қоспағанда);
  4. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысына Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
  5. іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Қоғамдық келісім комитеті қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
  6. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен келісе отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын тағайындайды;
  7. өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Қоғамдық келісім комитеті қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
  8. Қоғамдық келісім комитетінің әкімшілік, кадрлық жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету, экономика және қаржыға жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жетекшілік етеді;
  9. қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қоғамдық келісім комитетінің атынан әрекет етеді;
  10. Қоғамдық келісім комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
  11. өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Қоғамдық келісім комитеті бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20. Қоғамдық келісім комитеті төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. Қоғамдық келісім комитетінің мүлкі

21. Қоғамдық келісім комитетінің Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Қоғамдық келісім комитетінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Қоғамдық келісім комитетіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

23. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қоғамдық келісім комитетінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тару. Қоғамдық келісім комитетін қайта ұйымдастыру және тарату

24. Қоғамдық келісім комитетін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғамдық келісім комитетінің қарамағындағы

ұйымдардың тізбесі

  1. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

_________________________