Іздестіру формасы

Өтініштерді талдау

Дата размещения: 05.01.2018 - 0:00
Дата последнего обновления: 21.02.2019 - 12:56

 

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің қарауына түскен

жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2018 жылғы 12 айлық талдауы

 

Талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарауына жеке және заңды тұлғалардың 70 өтініші келіп түсті, оның ішінде:

жеке тұлғалардан – 48;

заңды тұлғалардан – 22.   

Өтініштердегі көтеріліп жатқан мәселелердің мән-мағынасы:

- қоғамдық және діни бірлестіктер – 40;

- мемлекеттік органдармен қоғамдық немесе діни бірлестіктердің қарым-қатынастары – 8;

- сот төрелігі мен тәртібі – 11;

- мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері – 8;

- еңбек және халықты жұмыспен қамтудың, әлеуметтік қамсыздандырудың жалпы мәселелері – 1;

- терроризм мен экстремизмге қарсы тұру – 2.

 «Иегова куәгерлері» христиан орталығының ұстанушыларынан, олардың қызметінің беделін түсіретін, жала жабатын материалдарды БАҚ-та орналастыру бойынша өңірлік ДІБ қызметкерлерінің әрекеттеріне оннан астам өтініштері келіп түсті. Аталған өтініштер бойынша Комитет тарапынан түсіндіру сипатында жауаптар берілген болатын.

Сонымен қатар діни нышанның элементтері бар бұйымдарды жүзеге асыру, сондай-ақ дінтану сараптамасын жүргізетін мамандарды тарту және өтініштерді беру нысаны жөніндегі мәселелер бойынша дінтану сараптамасын одан әрі жүргізу туралы нормаларды түсіндіру жөніндегі өтініштері келіп түсуде.

Азаматтармен ғибадат үйлерінде (мешіттерде) оқылатын күнделікті дұға талаптарының бұзылу фактілері, дауыс зорайтқыш құралдары арқылы уағыз айту бойынша өтініштері, сондай-ақ мешіт имамдарының әрекеттеріне қарсы шағым жиі келіп түсуде.

Сондай-ақ, есепті кезең ішінде мұқтаж азаматтардан қайырымдылық көмек көрсету бойынша өтініштер келіп түсті. Аталған өтініштер «УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорына қайта жолданды.

Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдар ұстанушыларының ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бойынша көмек көрсету мәселелері өзекті болып қала бермек.

Аталмыш өтініштерді қарау нәтижелері бойынша өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де нормативтік-құқытық актілері бойынша нормалары түсіндіріліп, мынадай шаралар қабылданды:   

- толық қанағаттандырылды – 39 өтініш бойынша;

- жазбаша түсіндірме берілді – 30 өтініш бойынша;

- ведомстволық бағыныштылығы бойынша жолданған – 1 өтініш бойынша.

Жалпы, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заң бұзушылыққа жол берілмеген.

Комитетпен азаматтардың өтініштер саның қысқарту мақсатында тұрақты негізде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде.