Іздестіру формасы

Өтініштерді талдау

Дата размещения: 05.11.2018 - 0:00
Дата последнего обновления: 17.01.2019 - 11:22

 

2018 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі

Қоғамдық келісім комитетіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетіне 2018 жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан 59 өтініш келіп түсті. Оның ішінде:

Жеке тұлғадан – 21;

Заңды тұлғадан – 16.

Сұрақтардың сипаты қоғамдық және діни бірлестіктерге (21), қоғамдық және діни бірлестіктердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы (8), құқық пен тәртіп (1), мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігі (1), сот актілерінің орындалуына 1), ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамассыз ету (3), терроризм пен экстремизмге қарсы әрекет (2).

«Иеһова Куәгерлерінің» Христиандық Орталығының өкілдері аймақтық діни істер жөніндегі басқармаларының орталықтардың қызметі туралы ақпаратты жариялау туралы өтініштері қайталанып келуде.

Сонымен қатар, өтініш берушілер өткізілген діни сараптамаларының нәтижелері және діни ғибадат салттары туралы пікір білдіреді.

Бүгінгі таңда бұл шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралды.

Осы өтініштерді қарағаннан кейін өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларына және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай түсіндірілді.

Азаматтардың өтініштерінің санын азайту мақсатында Комитет тұрақты түрде діни салада мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.