Іздестіру формасы

Дархан Кәлетаев Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік және ведомствалық наградаларды табыстады

Дата размещения: 14.12.2018 - 17:30
Дата последнего обновления: 14.12.2018 - 17:30
Дархан Кәлетаев

14 желтоқсан күні ҚР Қоғамдық даму министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында Дархан Кәлетаев  министрліктің және оның  салаларының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

Министр Тәуелсіздік күнінің терең тарихи маңызын атап өтіп, ведомства қызметкерлерін алдағы мерекемен құттықтап, оларға азаматтық қоғамды дамытуға, конфессияаралық келісімді нығайтуға, жастарды және отбасылық саясатты іске асыруға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен Қоғамдық даму министрлігінің экономика және қаржы департаментінің директоры Анар Есмақанова, «Жастар» ҒЗО директоры  Талғат Қалиев, Қазақстанның Православ Шіркеуінің Петропавл және Булаев  епархиясының Басқарушысы Виктор Михейкин марапатталды. Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Асхат Оралов және Қоғамдық келісім комитетінің басшысы Әсел Күзембаева марапатталды.

Сондай-ақ, Министрліктің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың бірқатар қызметкерлері ведомстволық наградалармен – грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.