Іздестіру формасы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Дата размещения: 19.03.2019 - 0:00
Дата последнего обновления: 20.03.2019 - 17:11
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті қазақстандықтар!

 

Біз, Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер өкілдері, баршамызға ортақ мемлекеттік мереке қарсаңында отандастарымызды достықтың, гүлденудің, сүйіспеншіліктің салтанат құруыменкөктемнің жаңаруының нышаны– Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ежелден келе жатқан Наурыз мейрамы бүгінгі күні дәстүрлер мен ұрпақ сабақтастығын сақтай отырып, қазіргі заманғасай үйлесім тауыпжаңғыруда. Ол Қазақстанда тұратын барлық этностарды ұлтына және дініне қарамастан біріктіруші мейрамға айналды.

Сарабдал мемлекеттік саясаттың нәтижесінде біздің елімізде бейбітшілік, достық, келісім мен өзара түсіністік үстемдік етуде. Бұл біздің ортақ мызғымас игілігіміз.

Біздің еліміз Наурыз мейрамын үлкен жетістіктерімен қарсы алып отыр, сондықтан біздің сүйікті Отанымыздың игілігі үшін жемісті әрі қажымас еңбек етіп жүрген бүкіл қазақстандықтарға зор алғысымызды білдіреміз.

Осы мереке күнішын ниетпен әрбір қазақстандық отбасына амандық, зор денсаулық, бақыт пен сүйіспеншілік тілейміз!

Осыайтулы көктемгі мереке достықты, қонақжайлылықты, өзара құрмет пен түсіністікті нығайта түссін!

Егеменді мемлекетіміздің аспаны әрдайым ашық болып, барша ғаламда мәңгілік бейбітшілік орнасын!

Сүйікті Қазақстанымызды және оның бейбітсүйгіш халқын Жаратушымыз әрдайым жарылқасын!   

 

ҚАЗАҚСТАН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР

ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖИЫНЫ

 

2019 жыл 19 наурыз