Іздестіру формасы

Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңғыру арқылы – өркендеуге

Дата размещения: 12.12.2018 - 0:00
Дата последнего обновления: 12.12.2018 - 16:42
Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңғыру арқылы  – өркендеуге

2018 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаевтың төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиынының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңғыру арқылы  – өркендеуге».

Жиын отырысының жұмысына Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері қатысады: «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Мұқанов Асқар, Астаналық шіркеулік округінің өкілі, Астана қаласындағы Қасиетті Успен кафедралды соборының аға священнигі, протоиерейі Байдек Дмитрий, Астана қаласындағы Қасиетті Мария Римдік-католиктік архиепархиясының митрополиті, архиепископ Пэта Томаш Бернард, Астана қаласы және Ақмола облысының бас равині Карнаух Шмуэль, Евангелді-лютерандық шіркеуінің пасторы Батенов Жанібек, Қазақстанның інжілдік мәсіхші баптистер шіркеулерінің басшысының орынбасары Вороненко Игорь, «Астана қаласы, Жетінші күні адвентист-христиандарының Тұрғылықты жерінің шіркеуі» пасторы Тетерюк Андрей, «Астана қаласындағы Христиандық Жаңаапостол шіркеуі» басшысы Бурлаков Федор, «Рақым» Астаналық пресвитериандық жергілікті мәсіхші діни бірлестігі қауымының»  аға пасторы Джузганов Жақсылык, «Астана қаласының Бахаи қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Янгалиев Асхат, «Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Бекенбай Жайнагул, «Толық Інжіл» Астана христиан елушулдер қауымы» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Кан Сергей, «Елушілдер шіркеулерінің одағы» діни бірлестігіның төраға орынбасары Цай Игорь, «Астана қаласының Кришна санасының қоғамы» жергілікті діни бірлестігінің  өкілі Карагозина Зилия, «Живая Лоза» Христиан әдіскерлік шіркеу» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Бангерт Константин, «Біріктіру шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің өкілдері  Долгов Владимир и Зинуллин Самат, «Қазақстан Діни бірлестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығының басшысы  Клюшев Александр қатысты.

Іс-шарада Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры Әбуов А.П., Қоғамдық келісім комитетінің жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап отыра, мемлекет пен Елбасының 2018 жылы қол жеткізген сыртқы және ішкі саясатындағы жетістіктеріне аза назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстанның рухани құндылықтарын қайта ортаға салып, Елбасты «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында  осы құндылықтардың қазақстандық қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

Жиын мүшелері отырыс барысында Қазақстан халқын ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Осы кездесу шеңберінде алдағы күнтізбелік жылға бағытталған жұмыс істеу жоспары белгіленді.

Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиынының 2019 жылға арналған кестесі қабылданды.