Іздестіру формасы

Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиыны

Дата размещения: 19.03.2019 - 0:00
Дата последнего обновления: 20.03.2019 - 17:08
Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиыны

19 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті төрағасының м.а. Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлының төрағалығымен Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиынының (әрі қарай – Жиын) 2019 жылғы бірінші отырысы өтті.

 Болған отырыстың негізгі тақырыбы – «Наурыз – мәңгілік рухани құндылықтардың көрінісі».

Жиын отырысының жұмысына Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері қатысты:

«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Мұқанов Асқар,

Астана қаласындағы Қасиетті Успен кафедралды соборының священнигі Дрожников Виктор,

Астана қаласындағы Қасиетті Мария Римдік-католиктік архиепархиясының митрополиті, архиепископ Пэта Томаш Бернард,

Астана қаласы және Ақмола облысының бас раввині Карнаух Шмуэль,

Інжілдік-лютерандық шіркеуінің архиепископы Новгородов Юрий, Қазақстанның інжілдік мәсіхші баптистер шіркеулерінің басшысы Тиссен Франц,

«Астана қаласы, Жетінші күні адвентист-христиандарының Тұрғылықты жерінің шіркеуі» басшысы Бондаренко Олег,

«Астана қаласындағы Христиандық Жаңаапостол шіркеуі» басшысы Бурлаков Федор,

«Рақым» Астаналық пресвитериандық жергілікті мәсіхші діни бірлестігі қауымының»  аға пасторы Джузганов Жақсылык,

«Астана қаласының Бахаи қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Янгалиев Асхат,

«Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Бекенбай Жайнагул,

«Біріктіру шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің өкілі  Долгов Владимир,

«Астана қаласының Кришна санасының қоғамы» жергілікті діни бірлестігінің  өкілі Таирбергенов Юзан,

«Қазақстан Діни бірлестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығының басшысының орынбасары Кильдишов Алексей.

Жиын отырысына Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы директорының м.а. Қ.Т. Қалилаханова, ҚР АҚДМ Қоғамдық келісім комитетінің Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы Е.З. Қадырғалиев және басқа да дін саласындағы уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, сонымен қатар, бірқатар республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Зайырлы Қазақстанның рухани дәстүрлері мен құндылықтары, Наурыз мейрамының көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамын біріктіруші және шоғырландырушы фактор ретіндегі мәні, сонымен қатар, өркендеу жолындағы мемлекеттің мызғымас діңгегі ретінде бейбітшілік пен келісім, сұхбаттастықтың маңыздылығы туралы ауқымды ой-пікір алмасу болды.

Одан кейін, іс-шара бағдарламасының аясында отырысқа қатысушылар Ұлттық музейдің алтын, этнографиялық, Тәуелсіз Қазақстан және тарих залдарының бай жәдігерлерімен танысты.

Ұлттық музей ұйымдастырған Астана қаласының білім беру мекемелерімен мәдени орталықтарының қатысуымен өткен мерекелік концертке қатысты.

Еліміздің діни бірлестіктер өкілдері атынан Наурыз мейрамы мерекесіне орай Қазақстан халқына арналған құттықтау мәтіні бірауыздан мақұлданды.

Дәстүрлі түрде еліміздің діни бірлестіктер өкілдерінің атынан жолданатын құттықтаулар БАҚ және жоғарыда көрсетілген діни бірлестіктердің сайттарында орналастырылады.

Жиын жұмысынан кейін, дәстүрге сәйкес, іс-шараға қатысушылар ортақ суретке түсті.