Іздестіру формасы

Қоғамдық даму министрлігінде террористік белсенділігі жоғары аймақтарға кеткен қазақстандықтардың ата-аналарымен кездесу өтті

Дата размещения: 11.01.2019 - 11:09
Дата последнего обновления: 17.01.2019 - 11:16
Қоғамдық даму министрлігінде террористік белсенділігі жоғары аймақтарға кеткен қазақстандықтардың ата-аналарымен кездесу өтті

Қоғамдық даму вице-министрі  Берік Арын балалары террористік белсенділігі жоғары Сирия-Ирак аймақтарына кеткен ата-аналармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан азаматтарын елге қайрату жөніндегі бастамасына баса назар аударылды.  

Баршамызға     мәлім а.ж. 9 қаңтарында Мемлекет басшысы Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияның аяқталуына  байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Атқарылған гуманитарлық шараның нәтижесінде Сириядан  47 Қазақстан  азаматы (оның ішінде 6 ер азамат, 11 әйел азамат және 30 бала ) Сириядан  елге қайтарылған болатын. 

Вице-министр Берік Арын қақтығыс аймағындағы  Қазақстан Республикасының азаматтарын елге қайтару және олардың

әлеуметтік бейімделу бағытындағы жұмыстар барлық мүдделі мемлекеттік органдҚоғамдық даму министрлігінде террористік белсенділігі жоғары аймақтарға кеткен қазақстандықтардың ата-аналарымен кездесу өтті ар мен үкіметтік емес ұйымдардың атсалысуымен әрі қарай жалғаса беретіндігін атап өтті.

Қазіргі таңда, елімізге оралған азаматтарға бейімдеу орталығында қажетті медициналық, оңалту, бейімдеу және басқа да көмектертер көрсетілетін болады.  

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 21 қарашада ҚР Қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде туындаған мәселелердің тез арада шешу жолдарын қарастыру үшін екі жақтан «Байланыс тобы» құрылып, оған ата-аналар комитеті мен Министрлік өкілдері кірген болатын. Байланыс тобы тарапынан шетелде жүрген азаматтардың оның ішінде балалардың тізімі жасақталып, тиісті құзырлы органдарға жіберілген болатын.